Биология және биотехнология факультетінде Конституциялық реформалар талқыланды — ҚазҰУ

91ý

Биология және биотехнология факультетінде Конституциялық реформалар талқыланды

17 сәуір 2026
Биология және биотехнология факультетінде Конституциялық реформалар талқыланды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінде оқытушы профессорлық құрамына ««Жаңа Конституция және қазіргі қоғам» атты маңызды кездесу өтті. Шара аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Заң факультеті Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Сагинаев Мейржан Егинбаевич арнайы дәріс оқыды.

Дәріс барысында Мейржан Егинбаевич 2026 жылғы Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталып, заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін тереңінен түсіндірді. Қазақстан азаматтары үшін еліміздің негізгі Заңындағы жаңашылдықтарды білу — заманауи маман болып қалыптасудың маңызды баспалдағы. 

Кездесу соңында қатысушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, құқықтық мемлекет құру жолындағы реформалар туралы пікір алмасты.