Жана Конституция : егемендік және тарихи сабақтастықFarabi University

91ý

Жана Конституция : егемендік және тарихи сабақтастық

31 наурыз 2026
Жана Конституция : егемендік және тарихи сабақтастық

2026 жылдың 31 наурызы сағат 15:00-де Тарих факультетінің Бекмаханов атындағы аудиториясында «Жаңа

конститутция: егемендік және тарихи сабақтастық » атты ғылыми конференция өтті. Аталған конференцияны ұйымдастырушы профессор, ғылыми жетекшісі болған - Ф.А. Қозыбақова және қолданбалы қазақ тілі білімі мен әдебиеттану мамандығының студенттері.

Қазақстан Республикасы Конституцияларын зерттеудің негізгі мақсаты – елдің құқықтық, саяси және қоғамдық дамуын түсіну және талдау болып табылады.

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Ф. А. Қозыбақова, Факультет деканы Д.Сулейменулы ,тарих ғылымдарының докторы, Б.Б. Кәрібаев, сондай-ақ профессор, ғалымдар: А.Ж. Маханұлы, Е. Ноянұлы.

Конференция барысында студенттер Қазақстан Республикасының үш конститутциясының айырмашылығын,жетістігін,,ерекшелігін талдаған болатын.

Студенттердің бұл үш Конституцияны салыстыра талдауы – олардың сыни ойлау қабілетін шыңдап қана қоймай, азаматтық болмысын тереңнен қалыптастырады. Олар әр баптың астарынан тұтас бір дәуірдің тынысын, қоғамның үміті мен өзгерісін сезіне бастайды. Уақытпен бірге жаңарып, толыққан Конституцияның әр жолы – ел дамуының айнасы екенін ұғынады.

ылыми жұмыстар  аяқталғаннан кейін құрметті қонақтар студенттердің жұмыстарына өз пікірлерін білдіріп, ғалымм ретінде  бағасын берді. Әсіресе Б.Б. Кәрібаев Қазақстан Республикасының Конститутцияларының ерекшелігі жайлы,бастапқы бейнесі жайлы құнды деректерді студенттерге айтып берді.

Ф.А. Қозыбақова ғылыми тұрғыдан конференцияға талдау жасап,тақырыптың қаншалықты маңызды екені жайлы өз пікірін білдірді.А.Ж. Маханұлы студенттердің дәлелділік және дереккөздөр  жұмысына өз бағасын берді.

ылыми бөлімнен кейін конференцияның мәдени бағдарламасы ұйымдастырылды. Студенттер қонақтарға арнап өнер көрсетті. Ұлдар әсерлі өлең жолдарын тарту етіп, ұлттық рухты көтерсе, домбырамен орындалған терме мен күйлер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Бұл конференция студенттердің ғылыми қабілетін дамытуға,ғалымдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берген маңызды мәдени-ғылыми шара болды.Қорытындылай келе,жас ұрпақ заңды жай ғана қағаз бетіне түскен мәтін ретінде емес, халықтың тағдырымен сабақтас, мемлекеттің бағытын айқындайтын тірі құжат ретінде қабылдайды. Бұл түсінік олардың бойында жауапкершілік пен елге деген құрметті оятып, саналы азамат болуға жетелейді.