- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 6 – «Таза су жне санитария» бағыты аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық трбие сағаты өткізілді
ТДМ 6 – «Таза су жне санитария» бағыты аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық трбие сағаты өткізілді
2026 жылдың 15 суірі күні л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Химия жне химиялық технология факультетінің «6В05301 – Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен Тұрақты дамудың «Таза су жне санитария» атты 6-шы бағыты аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында трбие сағаты өткізілді. Трбие сағаты барысында студенттер жаһандық су тапшылығы мселесін талқылады, атап айтсақ БҰҰ деректері бойынша, қазіргі таңда 2 миллиардтан астам адам қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Климаттың өзгеруі құрғақшылықты жиілетіп, тұщы су қорын азайтуда, сондай-ақ елімізде Арал теңізі мен Балқаш көлінің таяздану қаупі аймақтық экологиялық дағдарыстың айқын белгілері екенін жне су ресурстарының шектеулі екенін айқындайды. Студент - жастар өз тарапынан суды ластаудан қорғау шараларын талдау барысында тұрмыстық жне өндірістік қалдықтардың мселесін де тілге тиек етті. Ал, топтың куратор – эдвайзері, Химиялық физика жне материалтану кафедрасының доценті Кудьярова Ж.Б. суды тазартудың механикалық, биологиялық жне химиялық дістеріне тоқталып, студенттерді ауыз суды үнемді пайдалануға шақырды. «Су – тіршіліктің көзі, адамзат пен табиғат үшін ең маңызды ресурстардың бірі» десек те, қазіргі таңда су көздері ластанып, таза су тапшылығы мселесі өзекті болып отыр. Сондықтан қоғамда экологиялық мдениетті қалыптастыру өте маңызды, яғни рбір адам табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, су ресурстарын қорғауға өз үлесін қосуы керек.