BIOART 2026: ылым мен өнердің тоғысуы — ҚазҰУ

91ý

BIOART 2026: ылым мен өнердің тоғысуы

19 сәуір 2026
BIOART 2026: ылым мен өнердің тоғысуы

Биология және биотехнология факультетінің екінші қабатындағы фойеде BIOART 2026 III көркем жұмыстар көрмесі — «Адам мен табиғат диалогы» басталды. 6–30 сәуір аралығында факультет кеңістігінде ғылым мен көркем қиял тоғысып, шығармашылық алаңға айналады.
            Биылғы көрме — жастардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) негізінде жүзеге асады. Жас авторлар өз еңбектері арқылы жауапты тұтыну идеяларын (ТДМ 12) насихаттап, құрлық және су экожүйелеріндегі биоалуантүрлілікті сақтау мәселесін (ТДМ 15 және 14) көтереді. Инсталляцияларда табиғи және синтетикалық материалдардың қатар қолданылуы технологиялық прогресс пен табиғаттың бастапқы қалпы арасындағы тепе-теңдік іспеттес.
            Көрме мектеп пен жоғары білім алушылар арасындағы сабақтастықты қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Экспозицияда түрлі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің жұмыстары ұсынылған, олардың әрқайсысы болашақ мамандарды қалыптастыруға үлес қосады:
 • Талғар қаласындағы №4 А.С. Пушкин атындағы КММ, №134 лицей, Kadis және Алматы қаласындағы №9 ОМ классикалық білім мен экологиялық тәрбиенің терең байланысын көрсетеді.
 • Алматы қаласындағы №4 ОСШ-лицей және Baiterek Science & Technology School жобаларында ғылыми логика мен шығармашылық ізденіс үйлесім тапқан.
 • ЮНЕСКО клубының «Звезда Давида» арт-студиясы биологиялық тақырыпқа жоғары көркемдік деңгей мен халықаралық гуманистік құндылықтарды енгізеді.
            Бұл оқушылар үшін профильдік факультет базасындағы көрмеге қатысу — кәсіби бағдардағы маңызды қадам. Академиялық ортамен танысу биологияны жай пән емес, болашақта биолог, биотехнолог немесе эколог ретінде кәсіби жол ретінде көруге мүмкіндік береді.
            Келушілер көрме жұмыстарын бағалай алады: арнайы QR-код арқылы ашық дауыс беру ұйымдастырылған.
            Қорытынды 30 сәуірде шығарылады. Бұл күн қатысушылар үшін маңызды:
• Оқушылар биологиялық музей мен ғылыми зертханаларды аралайды
• Жетекші ғалымдардан заманауи зерттеу бағыттары туралы біледі
• 1, 2, 3 орындарға марапаттар, сыйлықтар және сертификаттар табысталады

Көрмеге көмектесем деген барлық демеушілер үшін есігіміз ашық. Жас таланттардың қанатының кеңінен ашылуына қол үшын тигізе аласыз.
            Ал студенттерді, оқытушыларды және факультет қонақтарын көрмеге келіп, болашақ мамандарды қолдауға және дауыс беруге шақырамыз!

Көрме ұйымдастырушылары:

Биология және биотехнология факультеті
Зоология, гистология және цитология кафедрасы
«Жас ғалымдар клубы» студенттік ұйымы @you.sci.club және KazNU AIChE Student Chapter

Доцент: Жаркова Ирина Маратовна (+7 705 543 65 52)
Докторант: Галымжанов Ислам (+7 777 833 27 38)
Студент: Жанбасбаева Сымбат (+7 777 279 34 71)
Студент: Гүлім Мұхамедина (+7 775 443 01 82)

Еріктілер: биология және биотехнология факультетінің студенттері, Моминұлы Ерсұлтан, Төрехан Айжан, Сейсенбек Гүлбар, Бақтығали Айкөркем, Оразалина Зере.

Демеушілер:
KazNU AIChE Student Chapter
Kinder Quiz жобасы
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК)

Дауыс беріңіз: