Компьютерлік ғылымдар кафедрасының студенті стартап-жобалар байқауында I орын иелендіFarabi University

91ý

Компьютерлік ғылымдар кафедрасының студенті стартап-жобалар байқауында I орын иеленді

20 сәуір 2026
Компьютерлік ғылымдар кафедрасының студенті стартап-жобалар байқауында I орын иеленді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасының 4-курс бакалавриат студенті Самсон Дауит Бекеле университеттік инновациялық стартап-жобалар байқауында I орын алып, I дәрежелі дипломмен және 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен марапатталды.

Биылғы байқауға 13 факультеттен 65 инновациялық жоба қатысты. Нәтижесінде 6 жобаның авторлары жеңімпаз деп танылды. Осы орайда Самсонның жетістігі факультет атынан үздік жоба ұсынған Ақпараттық технологиялар факультеті үшін де маңызды нәтиже болды.

Марапат «iLearn - Proactive AI Decision Support System for Academic Success» жобасы үшін берілді. Жүйе жасанды интеллект пен машиналық оқыту әдістері арқылы академиялық тәуекелі бар студенттерді ерте кезеңде анықтауға бағытталған. Нақты университет деректері негізінде жүргізілген сынақ нәтижесінде модельдің дәлдігі 95 пайызға дейін жетті. Жоба қауымдастырылған профессор Тимур Иманкуловтың жетекшілігімен әзірленді.

Бұл жетістік ҚазҰУ студенттерінің ғылыми және инновациялық әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді және университеттің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда 4-мақсат - «Сапалы білімді» және 9-мақсат - «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылымды» іске асыруға қосып отырған үлесін айқындайды.