- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтуде
ҚазҰУ-да «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтуде
21–22 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтуде. Аталған іс-шара Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының командаларын біріктірді.
Пәндік олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ олардың электр энергетикасы саласындағы кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету болып табылады.
Олимпиада аясында қатысушылар «Электр машиналары», «Энергетикалық желілер мен жүйелер» және «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау», "Электрлік сатнсалар және қосалқы стансалар" пәндері бойынша өз білімдері мен құзыреттерін көрсетуде. Конкурстық тапсырмалар энергетика саласының нақты жағдайларына барынша жақындатылған теориялық және практикалық есептерді шешуді қамтиды.
Іс-шараның салтанатты ашылуында физика-техникалық факультеттің деканы Бейсен Н.А. құттықтау сөз сөйлеп, мұндай зияткерлік жарыстардың жоғары білікті мамандар даярлаудағы маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде энергетика саласын дамыту мемлекеттік деңгейде басым бағыттардың бірі екенін айтып, мұндай олимпиадалар болашақ энергетиктердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және білім мен тәжірибе алмасуға тиімді алаң болатынын жеткізді.
Биылғы олимпиадаға келесі жоғары оқу орындарының командалары қатысуда: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, М. Тынышпаев атындағы ALT университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Халықаралық көліктік-гуманитарлық университет, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және басқа да жоғары оқу орындары. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.


Олимпиада нәтижелері 22 сәуір күні жарияланады.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, олимпиада ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес келеді, себебі ол студенттердің білім деңгейін арттыруға және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, іс-шара ТДМ 9 – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатына үлес қосады, өйткені инженерлік ойлауды дамытуға және энергетика саласына мамандар даярлауға бағытталған. Бұдан бөлек, әртүрлі жоғары оқу орындарының қатысуы ТДМ 17 – «Әріптестік және халықаралық ынтымақтастық» мақсаттарына сай келеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік, өз білімдеріне сенімділік және жоғары нәтижелер тілейміз! Олимпиадаға қатысу кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңіне айналып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!
Басқа жаңалықтар