Шетелдік профессорлармен кездесу: халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындаFarabi University

91ý

Шетелдік профессорлармен кездесу: халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында

22 Сәу, 2026
Шетелдік профессорлармен кездесу: халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультеті, Математика кафедрасында 7M05407 – Математика (УРША) қосдипломдық білім беру бағдарламасы аясында шетелдік профессор Лоран Ди Менза (Laurent Di Menza) қатысуымен маңызды кездесу өтті.

Аталған бағдарлама ҚазҰУ мен Франциядағы Реймс Шампань-Арденн университеті арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында шетелдік профессорлар магистранттарға заманауи математиканың өзекті бағыттары бойынша дәрістер оқып, білім беру процесінің сапасын арттыруға елеулі үлес қосуда.

Кездесу барысында стохастикалық талдау бағыты бойынша дәріс жүргізіп жүрген профессор Лоран Ди Менза оқытушы-профессорлық құраммен, студенттермен және магистранттармен ашық пікір алмасу алаңын ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми зерттеулердің қазіргі бағыттары, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша өзекті сұрақтарын қойды.

Профессор өз тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік университеттердегі ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық жобаларға қатысу және студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту бағытында нақты ұсыныстарын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта екі университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Мұндай кездесулер білім алушылар мен оқытушылар үшін халықаралық тәжірибе алмасуға, ғылыми көкжиекті кеңейтуге және кәсіби дамуға маңызды мүмкіндік береді.

 

Математика кафедрасы