ТДМ 14. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫСFarabi University

91ý

ТДМ 14. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС

11 ақпан 2026
ТДМ 14. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС

«Биология» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Экологиялық тепе-теңдік және жаһандық климаттық дағдарыс» тақырыбында танымдық-экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен жас ұрпаққа экологиялық тепе-теңдіктің маңызын түсіндіру, жаһандық климаттық өзгерістердің себептері мен салдарын ұғындыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру болды.

Шара барысында қатысушыларға экожүйелердегі тепе-теңдіктің сақталуы, антропогендік факторлардың табиғатқа әсері, климаттың өзгеруі мен оның биологиялық әртүрлілікке тигізетін ықпалы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, жаһандық жылыну, парниктік газдардың әсері және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша дәрістер оқылып, танымдық талқылаулар ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында қатысушылар экологиялық мәселелерге қатысты бейнематериалдар көріп, оларды талқылады. Сонымен қатар, климаттық дағдарыстың алдын алу жолдары мен тұрақты даму қағидаттары жөнінде пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Студенттер белсенділік танытып, сұрақ-жауап бөлімінде өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, экологиялық акциялар ұйымдастырылып, табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадамдар қарастырылды.

Аталған іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамытуға және жаһандық климаттық дағдарыстың өзекті мәселелерін түсіндіруге бағытталды.