«Жаңа технологиялар мен құқықтық реформалар: жасанды интеллект, цифрландыру, заң үстемдігі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы — ҚазҰУ

91ý

«Жаңа технологиялар мен құқықтық реформалар: жасанды интеллект, цифрландыру, заң үстемдігі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы

21 сәуір 2026
«Жаңа технологиялар мен құқықтық реформалар: жасанды интеллект, цифрландыру, заң үстемдігі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы бірлесіп ұйымдастырған
«Жаңа технологиялар мен құқықтық реформалар: жасанды интеллект, цифрландыру, заң үстемдігі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы 2026 жылдың 16–31 наурызы аралығында жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған курсқа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, заманауи құқықтық реформалар, цифрлық трансформация және жасанды интеллекттің құқық саласындағы рөлі бойынша өз білімдері мен кәсіби құзыреттіліктерін арттырды. Оқу бағдарламасы толық игеріліп, курс қорытындысы бойынша қатысушыларға 80 академиялық сағат көлемінде сертификаттар табысталды.
Курстың ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, нәтижелі өтуіне кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева жетекшілік етті. Курс жетекшісінің жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілеті ерекше атап өтіліп, алғыс хатпен марапатталды.
Бұл курс қатысушылардың кәсіби дамуына серпін беріп, құқық саласындағы заманауи үрдістерді меңгеруге мүмкіндік жасады.