«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ»Farabi University

91ý

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ»

22 сәуір 2026
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ»

Бүгін Химия және химиялық технология факультетінде «Заң мен тәртіп» аясында «Жаңа Конституция және қазіргі қоғам» тақырыбында мазмұнды дәріс өтті. Іс-шараға факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысып, өзекті құқықтық мәселелер бойынша терең ақпарат алды.

Дәрісті заң факультетінің «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқық» кафедрасының аға оқытушысы Худайбердина Гульнура Азраталиевна жүргізді. Дәріс барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың қоғам дамуына әсері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, пікір алмасу жоғары деңгейде өтті.

Аталған іс-шара факультет ұжымы үшін құқықтық білімді тереңдетуге және заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді түсінуге мүмкіндік берді.

 

Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.