Кафедра мәжілісінде маңызды мәселелер талқыланды
21.04.2026 жылы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаева өткізген кафедра мәжілісі барысында AI-SANA курсы мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып отырғандықтан және университеттің стратегиялық жоспарына кіргендігі, негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ғылыми-білім беру үдерісінің ерекшеліктері бойынша жан-жақты әрі жүйелі түсіндірме берді. Кездесу барысында курстың оқу-әдістемелік мазмұны мен оны жүзеге асыру тетіктері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, оқу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында курс бойынша кафедрадан 229 студент ІІ кезеңге өтті. Бұл курс білім беру сапасын арттыруға, студенттердің оқу материалын кезең-кезеңімен меңгеруіне және оқу жүктемесін оңтайлы бөлуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Кафедра мәжілісінде кураторлар өз кезегінде студенттердің академиялық үлгерімін бақылау және білім беру сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Талқыланған сұрақтар ТДМ 4 — «Сапалы білім» бағытына сәйкес келеді, өйткені ол білім беру сапасын арттыруға, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және академиялық басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.