Республикалық XVIII студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті — ҚазҰУ

91ý

Республикалық XVIII студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті

22 сәуір 2026
Республикалық XVIII студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті

Бүгін, 22 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, базасында өткен «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық XVIII студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Зияткерлік дода еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан келген дарынды студенттерді біріктіріп, олардың кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік берді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар командалық және жеке есеп негізінде анықталды. Қатысушылар электр энергетикасының негізгі бағыттары бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, өздерінің инженерлік ойлау қабілеті мен мәселелерді шешу дағдыларын дәлелдеді. Әділқазылар алқасы жұмыстарды жан-жақты бағалап, үздік нәтижелер көрсеткен студенттерді анықтады.

 Командалық есепте жеңімпаздар:
1 орын – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
2 орын – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
3 орын – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

 


Жеке есепте жеңімпаздар:

I орын – Токсеитов Ераслан Миратович (239 ұпай), Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті.

II орын – Бигазинов Амир Арнурович (112 ұпай), Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті.

II орын – Муратбеков Мади Маликович (104 ұпай), Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.

III орын – Қабыкен Дінмұхаммед Русланұлы (100 ұпай), Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті.

III орын – Балхашев Сержан Нурланович (99 ұпай), Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.

III орын – Шкарупа Антон Анатольевич (94 ұпай), Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.

 

 

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Галеева Алина Кулбаевна, команда жетекшілерін алғыс хаттармен және арнайы сертификаттармен факультет деканы профессор Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы марапаттады, командалық есепте I-орын иегерлеріне атаулы «KAZNU 2026» кубогы (кубок құрастырушылары: проф. Досболаев М.К., аға-оқытушы Үсенхан С.С.)  табысталды. Өз сөздерінде олар мұндай білім сайыстарының жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы маңызын атап өтіп, болашақ энергетиктердің ғылым мен өндірістегі рөліне ерекше тоқталды. 

Сонымен қатар, плазма физикасы, нанотехнологиялар және компьютерлік физика кафедрасы оқытушы-профессорлық құрамының демеушілігімен жеке есептегі I-орын иегеріне 100000 теңге сыйақы, II-орын иегерлеріне 75000 теңгеден сыйақы, III-орын иегерлеріне 50000 теңге сыйақы, RZA Systems компаниясының демеушілігімен естелік сыйлықтар, факультет деканы демеушілігімен команда жетекшілеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен естелік сыйлықтар табысталды. 

          Олимпиада аясында қатысушылар үшін танымдық экскурсия да ұйымдастырылды. Студенттер ҚазҰУ кітапханасы мен қалашықта орналасқан суперкомпьютер, Farabi Robotics, Huibo Robotics заманауи технологиялық орталықтарын аралап, факультеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты. Экскурсия барысында олар жаңа зертханалар мен инновациялық жобалар туралы мәлімет алып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, олимпиаданың жарқын сәттерін есте қалдырды.

 

 

Олимпиада қорытындысы жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.