- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы: «Тұрақты даму мақсаттары және денсаулық» секциясы
«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы: «Тұрақты даму мақсаттары және денсаулық» секциясы
2026 жылғы 8 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттары және денсаулық» секциясының отырысы өтті. Аталған секцияға 10 ғылыми баяндама ұсынылып, жас зерттеушілер өз жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, өзекті ғылыми мәселелер бойынша терең талдау жасай білді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар:
І орын — Tujuba Giftitati Legesse, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-курс магистранты (Алматы қ.)
ІІ орын — Амангелдіқызы Алуа, Заудбай Маулеш Абайқызы, Ерсин Мансия Ерсинқызы, Мешитбаева Меруерт, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 3-курс бакалавриат студенттері (Алматы қ.)
ІІІ орын — Амантай Нұртілеу Ержанұлы, Қазақстан-Ресей медициналық университеті, 4-курс бакалавриат студенті (Алматы қ.)
Жүлделі І, ІІ және ІІІ орын иегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, байқаудың келесі кезеңі – факультетаралық жарысқа жолдама алды.
Аталған секция жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға, тұрақты даму мақсаттары мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды.