Мәдениет жаңғырығы: дәстүр мен заманауилықтың сұхбаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының «8D02207 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» және «8D02211 – Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының докторанттары Ү. Ашимова мен Н. Асылбекова Түркия Республикасының Стамбул қаласындағы ғылыми тағылымдама аясында маңызды кездесулер өткізіп, тәжірибе алмасты. Тағылымдама барысында докторанттар Стамбул университеті базасында жұмыс жүргізіп, белгілі ғалым, музейтанушы-профессор Фетхие Ербай жетекшілігімен бірқатар ғылыми талқылауларға қатысты. ылыми қауымдастықпен кездесулер аясында музей ісі, этнология және мәдени мұраны сақтау, насихаттау мәселелері кеңінен қарастырылды.
ылыми тағылымдама барысында, «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай және қазақтың дәстүрлі мәдениетін таныстыру мақсатында докторанттар «Echoes of Culture» халықаралық фотокөрмесіне қатысып, Стамбул жұртшылығын қазақ халқының сан ғасырлық мәдениеті мен мәдени құндылықтарымен таныстырды. Аталған көрме кескіндеме және фотосурет бағыттарын қамтып, түрлі елдердің өнертанушы, зерттеушілерін біріктірді. Көрменің кураторлары – профессор Фетхие Ербай мен этнограф-ғалым Тәттігүл Картaева. Халықаралық платформада өткен бұл шарада докторанттар өз шығармаларын ұсынып, мәдени мұра мен заманауи өнердің өзара байланысын көрсетті. Аталған көрме қазақ мәдениеті мен этнографиялық мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға, сондай-ақ ғылыми-мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
ылыми тағылымдама барысында докторанттар ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырып, шетелдік мамандардан кәсіби пікірлер алды. Түркиялық ғалымдар олардың жұмысына жоғары баға беріп, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Бұл ғылыми іссапар қазақстандық жас ғалымдардың халықаралық ғылыми кеңістікке шығуына және музей ісі мен этнология саласының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
Басқа жаңалықтар