Мұхтар Әлібек Мұхтарұлы – «6В03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасының 3-курс бакалавр студенті, халықаралық конкурс нәтижелері бойынша жоғары жетістіктері үшін, сондай-ақ ТМД елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «ТМД-ның үздік студенті» атағына ие болды.
Ә.М Мұхтардың ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктерін ерекше атап өткен жөн. 2023 жылдың қараша айында ол Ресейдегі «ылым және ағарту» Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған V халықаралық «Ломоносов» жас ғалымдар байқауына қатысты. Оның ғылыми жұмысы «Саяси ғылымдар» секциясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталып, конкурс мақалалар жинағында жарияланды.
2023–2024 оқу жылында оның «Өткен ойшылдар ілімдеріндегі саяси көшбасшы» атты зерттеу жұмысы саясаттану саласындағы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында II дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Әлібек халықаралық «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына тұрақты түрде қатысып келеді.
Басқа жаңалықтар