“Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейіне” аудиториядан тыс сабақ
23 сәуір 2026
2026 жылдың 22 сәуірінде «Туризм» мамандығы студенттері үшін «Туризмдегі этика және этикет» пәні аясында оқытушы Бейсахмет А.А. ұйымдастыруымен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде аудиториядан тыс сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – кәсіби этика мен іскерлік этикет нормаларын тәжірибе жүзінде бекіту болды. Музей қызметкерлері келушілермен жұмыс істеу ерекшеліктері, мәдениет саласындағы қызмет көрсету әдебі және туындайтын жағдайларды этикалық тұрғыда шешу жолдары туралы баяндап, музей бойынша экскурсия жүргізді. Сабақ студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар
17 шілде 2026