- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттің жаңартылған моделінің негізі ретінде
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттің жаңартылған моделінің негізі ретінде
2026 жылғы 21 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттердің қатысуымен «Жаңа Конституция және қазіргі қоғам» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Арын А.А. «Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы: мемлекеттің, адамның және жария биліктің жаңа моделі» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының негізгі ережелері, оның тұжырымдамалық негіздері, сондай-ақ конституциялық өзгерістердің қазіргі қоғамның дамуы үшін маңызы жан-жақты ашып көрсетілді.
Дәріс соңында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысып, елдің конституциялық дамуының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Осындай ашық академиялық диалог конституциялық даму және еліміздің болашағы мәселелеріне деген жоғары қызығушылықты тағы бір мәрте айқындай түсті.

