- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әлеуметтік педагогикадағы инновациялық тәсілдер: балаларды қорғау және кәсіби құзыреттілікті дамыту»
«Әлеуметтік педагогикадағы инновациялық тәсілдер: балаларды қорғау және кәсіби құзыреттілікті дамыту»
Әлеуметтік педагогикадағы инновациялық тәсілдер: балаларды қорғау және кәсіби құзыреттілікті дамыту
2026 жылғы 20 сәуір күні «Әлеуметтік педагогикадағы инновациялық тәсілдер: балаларды қорғау және кәсіби құзыреттілікті дамыту» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының 8 және 10-бағыттарына (лайықты жұмыс пен экономикалық өсу, теңсіздікті азайту) сәйкес ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударту және болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болды. Сонымен қатар, қатысушыларға заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тиімді жұмыс жүргізу жолдары таныстырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар топтық жұмыстарға, пікірталастарға және практикалық тапсырмаларға белсенді қатысты. Балаларды қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, нақты жағдайлар негізінде шешу жолдары ұсынылды. Қатысушылар әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметіндегі этика, жауапкершілік және креативтілік дағдыларының маңыздылығын атап өтті.
Тәрбиелік іс-шара нәтижесінде білім алушылардың балалар құқығын қорғау бағытындағы білімдері кеңейіп, кәсіби тұрғыдан маңызды құзыреттері дамыды. Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттарының мәні мен маңыздылығын түсіну деңгейі артты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – 8D1802 «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттары А.С. Жумагалиева және А.Е. Исмайлова.
Осындай мазмұнды іс-шаралар болашақ мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.