Теория мен практиканың өзара байланысы — ҚазҰУ

91ý

Теория мен практиканың өзара байланысы

25 сәуір 2026
Теория мен практиканың өзара байланысы

«Жасанды интеллектcі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенттерімен «Теория мен тәжірибенің өзара байланысы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара оқу пәндерінің нарықта сұранысқа ие тәжірибелік дағдыларға қалай трансформацияланатыны туралы тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталды.

Сабақ барысында теориялық даярлықты нақты өндірістік қызметпен интеграциялаудың негізгі аспектілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Салаға қатысты өзекті кейстер талданып, алгоритмдерді білу, дерекқорларды жобалау және заманауи тестілеу әдістері бағдарламалық өнімдерді әзірлеу кезінде қалай қолданылатыны нақты мысалдармен көрсетілді. Студенттік жобалардың, өндірістік тәжірибенің және кәсіби хакатондарға қатысудың рөліне ерекше назар аударылды. Интерактивті форматта қатысушылар іргелі даярлықтың жеткіліксіздігінен туындайтын типтік қателіктерді талдап, олардың алдын алу стратегияларын бірлесе әзірледі. Сондай-ақ цифрлық портфолио қалыптастыру және бейіндік тәжірибелерді таңдау мәселелері жеке талқыланды. Сабақ қорытындысы бойынша теория мен тәжірибені саналы түрде ұштастыру өз күшіне деген сенімді нығайтатынын және кәсіби бейімделуді жеделдететінін аталып өтті.

«Жасанды интеллектcі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер » мамандығының 3-курс студенттерімен кураторлық сағат, куратор Көпбосын Лейля Серикбековна