ҚазҰУ студенттері республикалық журналистика олимпиадасында І орын иелендіFarabi University

91ý

ҚазҰУ студенттері республикалық журналистика олимпиадасында І орын иеленді

25 Апр, 2026
ҚазҰУ студенттері республикалық журналистика олимпиадасында І орын иеленді

ТДМ-4 Қазақстанның журналистика саласындағы болашақ мамандары бақ сынаған беделді додада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері топ жарып, І орынға ие болды. Бұл – жүйелі дайындықтың, сапалы білімнің және шығармашылық ізденістің нақты нәтижесі.

2026 жылғы 24–25 сәуір күндері SDU University базасында «6В032 – Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша XVIII республикалық пән олимпиадасы өтті. Еліміздің жоғары оқу орындарынан келген үздік студенттер қатысқан білім бәйгесінде командалар бірнеше кезең бойынша сынға түсті: өзін таныстыру, медиа кейстерді шешу, ақпараттық мәтін жазу және мультимедиалық репортаж дайындау.

Тартысты дода барысында ҚазҰУ студенттері кәсіби шеберлігімен, білім деңгейімен және шығармашылық қарымымен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Команданың намысын қорғаған студенттер: Абдулла Нұрхан Асылханұлы, Алчинова Нұрбибі Айтбайқызы, Түктібай Мөлдір Ерікқызы. Жеңімпаз команданы дайындаған жетекші – журналистика факультетінің аға оқытушысы, 3-курс докторанты Берікбол Төлеген.

Бұл жеңіс студенттердің ғана емес, университеттің журналистика мектебінің де абыройын асқақтатқан маңызды жетістік. Теория мен тәжірибені ұштастыру, медиа саласындағы жаңа үрдістерді меңгеру және командалық үйлесім табыстың басты кілті болды.

Журфактың бұл жетістігі жас журналистерге үлкен серпін беріп, алдағы биік белестерге жол ашады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы бір мәрте көшбасшы екенін дәлелдеді.