Философия және саясаттану факультетінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысына арналған кезекті семинар өттіFarabi University

91ý

Философия және саясаттану факультетінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысына арналған кезекті семинар өтті

27 сәуір 2026
Философия және саясаттану факультетінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысына арналған кезекті семинар өтті

Философия және саясаттану факультетінде 3 курс докторанттарының (5 және 6 семестр) ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысын талқылауға арналған кезекті семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің аралық нәтижелерін жүйелі түрде қарастыруға, ғылыми ізденістерінің сапасын арттыруға, зерттеу жұмыстарының әдіснамалық деңгейін жетілдіруге, сондай-ақ академиялық ортада тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталды. Мұндай ғылыми алаңдар факультеттегі зерттеу мәдениетін нығайтып, докторанттардың ғылыми ойлау қабілетін тереңдетуге, аналитикалық дағдыларын жетілдіруге және академиялық жазу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

22 сәуір күні өткен кезекті ғылыми семинарды «8D03104Саясаттану» мамандығының докторанты Нурпейсова Нурсулу Рахимжановна және «8D03102Мдениеттану» мамандығының докторанты Хасиетова Жания Жарасқызы тапсырды. Докторанттар өздерінің диссертациялық зерттеу жұмыстарының қазіргі кезеңдегі орындалу деңгейін жан-жақты баяндап, ғылыми жобаларының негізгі бағыттарын, тақырыптарының өзектілігін, зерттеу нысаны мен пәнін, сондай-ақ қолданылған теориялық және әдіснамалық негіздерін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, зерттеу барысында кездескен қиындықтар мен оларды шешу жолдары да талқылауға шығарылды.

Семинар барысында қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі, олардың тиімділігі мен зерттеу міндеттеріне сәйкестігі ерекше назарға алынды. Алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы, теориялық құндылығы және практикалық маңыздылығы жан-жақты талқыланып, олардың болашақта ғылым мен әлеуметтік практикада қолданылу мүмкіндіктері де қарастырылды. Ұсынылған баяндамалар қазіргі заманғы академиялық талаптарға толық сәйкес құрылымдалған болып, зерттеу мәселелерінің теориялық тереңдігі мен логикалық жүйелілігін айқын көрсетті. Қатысушылар докторанттардың зерттеу бағыттарының даму әлеуетін жоғары бағалап, олардың ғылыми ізденістерінің перспективалылығын атап өтті.

Іс-шараға факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Карыбаева Айнұр Несібекқызы, профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми жетекшілер қатысты. Олар докторанттардың зерттеу жұмыстарына жан-жақты сараптамалық талдау жасап, әдіснамалық тұрғыдан маңызды ескертпелер мен ғылыми негізделген ұсыныстарын білдірді. Талқылау барысында зерттеу тақырыптарының өзектілігі, ғылыми әдіснаманың дұрыстығы, деректерді интерпретациялау сапасы және қорытындылардың дәлелділігі жөнінде мазмұнды пікір алмасу орын алды. Сондай-ақ, ғылыми этика талаптарын сақтау, дереккөздермен жұмыс істеу мәдениеті және зерттеу нәтижелерін жүйелеу мәселелері де көтерілді. Семинар барысында ерекше назар ғылыми зерттеулердің әдіснамалық базасын жетілдіруге, эмпирикалық деректерді дұрыс талдауға және алынған нәтижелерді халықаралық деңгейдегі рецензияланатын ғылыми басылымдарда жариялау мәселелеріне аударылды. Сонымен қатар, академиялық жазу мәдениетін дамыту, ғылыми дискурсқа қатысу деңгейін арттыру және докторанттардың халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялану жолдары да кеңінен қарастырылды.

Өткізілген ғылыми семинар докторанттардың зерттеушілік құзыретттіліктерін арттыруға, олардың ғылыми жобаларын жетілдіруге, ғылыми ойлау мәдениетін қалыпnfcатыруға және академиялық коммуникацияны дамытуға елеулі үлес қосты. Мұндай форматтағы кездесулер факультеттің ғылыми әлеуетін күшейтіп, жас зерттеушілердің кәсіби қалыптасуына маңызды ықпал етеді. Семинар нәтижесінде қатысушылар өз зерттеу бағыттарын одан әрі тереңдетуге қатысты нақты ғылыми-әдіснамалық ұсыныстар алып, алдағы диссертациялық жұмыстарына жаңа серпінмен кірісуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, докторанттардың халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қатысу мүмкіндіктері де ерекше атап өтілді және ғылыми байланыстарды кеңейту маңызы айтылды. Бұл үдеріс факультеттің академиялық дамуын жүйелі түрде қолдайды.