Болашақ мұнайхимиясы: тұрақты даму, экология және инженердің жауапкершілігіFarabi University

91ý

Болашақ мұнайхимиясы: тұрақты даму, экология және инженердің жауапкершілігі

21 сәуір 2026
Болашақ мұнайхимиясы: тұрақты даму, экология және инженердің жауапкершілігі

2026 жылдың 21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технологиялар факультетінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара өтті.  Педагогикалық практика аясында өткізілген бұл шараны
«7M07101 – Мұнайхимия» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Р. Айтбаева, М. Шаукыбаев және К. Абухан дайындап, өткізді. Ашық сабаққа «6B07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «6B05301 – Химия» мамандықтарының студенттері, сондай-ақ тақырыпқа қызығушылық танытқан оқытушылар мен қонақтар қатысты.
Сабақ барысында магистранттар мұнайхимияның қазіргі өнеркәсіптегі маңызын, оның күнделікті өмірдегі рөлін, сондай-ақ саланың негізгі экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарастырды. «Жасыл химия» тұжырымдамасына, тұрақты технологияларға және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар болашақ инженер-мамандардың рөліне, олардың зиянды шығарындыларды азайтудағы, экологиялық таза технологияларды дамытудағы және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі жауапкершілігіне ерекше мән берілді.

«Қазіргі таңда инженер тек техник қана емес, ол ең алдымен экологиялық қауіпсіздіктің кепілі. Біздің мақсатымыз – өндіріс пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтау», – деп атап өтті магистранттар өз баяндамаларында.

Теориялық материалдар заманауи интерактивті презентациялармен, нақты кейстермен және еркін талқылау форматымен ұласты.

 

Педагогикалық практиканың жетекшісі - физикалық химия, катализ және мұнайхимия

&Բ;кафедрасының аға оқытушы Ажигулова Рыскуль Ниниловна