Қазақстандық оқушы Пекин жас ғалымдарының ғылыми-техникалық шығармашылық байқауының (BYSCC) 45-ші жеңімпазы атандыFarabi University

91ý

Қазақстандық оқушы Пекин жас ғалымдарының ғылыми-техникалық шығармашылық байқауының (BYSCC) 45-ші жеңімпазы атанды

23 сәуір 2026
Қазақстандық оқушы Пекин жас ғалымдарының ғылыми-техникалық шығармашылық байқауының (BYSCC) 45-ші жеңімпазы атанды

Алматы қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Кибаров Амирали Пекин қаласында өткен 45-ші Пекин жас ғалымдарының ғылыми-техникалық шығармашылық байқауының (Beijing Youth Science Creation Competition, BYSCC) жеңімпазы атанды.

Оның химия бағытындағы «Йод пен көміртектің электр энергиясын экологиялық қауіпсіз сақтау үшін үйлесімі» атты жобасы халықаралық қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болды. Бұл жетістік қазақстандық жас зерттеушілердің жоғары деңгейін және олардың зор әлеуетін көрсетеді.

Амиралиді, оның ғылыми кеңесшісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD, қауымдастырылған профессоры (доценті) Супиева Жазира Асылбекқызы мен ғылыми жетекшісі, КММ «ШГ №5» химия пәнінің мұғалімі Оңғарбаева Жанар Сиязбекқызын лайықты алтын жүлдемен құттықтаймыз.

Beijing Youth Science Creation Competition - Пекинде жыл сайын 1981 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, мектеп оқушылары мен жастарға арналған халықаралық ғылыми жобалар байқауы. Байқауды Пекин ғылым және технологиялар қауымдастығы ұйымдастырады.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы