- Басты бет
- Жаңалықтар
- 12 сәуір – ылым күніне орай ұйымдастырылған «Спорттық топырақтану» ғылыми-тәжірибелік іс-шарасында ҚазҰУ оқытушысы I орын иеленді
12 сәуір – ылым күніне орай ұйымдастырылған «Спорттық топырақтану» ғылыми-тәжірибелік іс-шарасында ҚазҰУ оқытушысы I орын иеленді
2026 жылдың 8 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұйымдастыруымен 12 сәуір – ылым күніне орай «Спорттық топырақтану» атты ғылыми-тәжірибелік іс-шара өтті.
Іс-шара Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ұйымдастырылып, оған топырақтану саласындағы жас ғалымдар, мамандар мен зерттеушілер қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – топырақтану ғылымын насихаттау, топырақты зерттеудің практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ командалық жарыс форматында жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру болды.


Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Құлымбет Қ.Қ. «Геоботаника» білім беру бағдарламасының 3 магистрантымен бірге қатысып, университет атынан бақ сынады.
Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Атап айтқанда, топырақ кесіндісін қазу, генетикалық горизонттарын анықтау, морфологиялық қасиеттерін сипаттау, топырақ үлгілерін алу және далалық белгілері бойынша топырақ түрін анықтау жұмыстарын орындады. Сонымен қатар далалық жағдайда топырақтың құнарлылық элементтерін анықтау бойынша практикалық тапсырмалар жүргізілді.
Қатысушылар топырақтың негізгі қасиеттерін бағалау, зерттеу нәтижелерін талдау және далалық жағдайда ғылыми жұмыс жүргізу бойынша кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар жас ғалымдар мен білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, далалық зерттеу дағдыларын жетілдіруге және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
ылыми-тәжірибелік жарыс қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілі, Ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Құлымбет Қ.Қ. топырақтанушылар арасындағы жарыста I-орын иеленді.
Бұл жетістік әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары, топырақтану, ботаника және агроэкология бағытындағы ғылыми-білім беру әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
PhD Құлымбет Қ.Қ.-ны жеңісімен құттықтаймыз және ғылыми-педагогикалық қызметіне табыс тілейміз!
Ботаника және агроэкология кафедрасы