- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мо Янь шығармашылығындағы идиомалар: Шығыстану факультетінде ғылыми семинар өтті
Мо Янь шығармашылығындағы идиомалар: Шығыстану факультетінде ғылыми семинар өтті
2026 жылғы 15 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Дәнкей Бақнардың ғылыми семинары өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысып, аударматанудың өзекті мәселелерін талқылады.
Семинар барысында «"Өмір мен өлім азабы" романындағы идиомаларды аудару стратегиялары: когнитивтік және мәдени тұрғыдан үштілді салыстырмалы талдау» тақырыбында баяндама жасалды. Зерттеу нысаны ретінде Нобель сыйлығының лауреаты Мо Яньның туындысы алынып, ондағы идиомалық бірліктердің когнитивтік ерекшеліктері мен мәдени мазмұны жан-жақты сараланды.
Семинардың негізгі бағыттары:
-
Идиомаларды аударудағы семантикалық, мәдени және прагматикалық кедергілер;
-
Когнитивтік аударматану мен лингвомәдениеттану тұрғысынан ғылыми талдау;
-
Үш тілдегі (қытай, қазақ, орыс/ағылшын) баламаларды табудың тиімді стратегиялары мен функционалдық тәсілдері.
Баяндамашы нақты мысалдар негізінде аудармадағы эквиваленттілік мәселесіне ерекше тоқталып, теориялық тұжырымдамаларды практикалық талдаумен ұштастырды.
ылыми жиын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Семинар соңында тақырып аясында пікір алмасып, жас ғалымның зерттеу жұмысына оң баға берілді.

Басқа жаңалықтар