Журналистика факультетінде ашық есік күні өттіFarabi University

91ý

Журналистика факультетінде ашық есік күні өтті

27 сәуір 2026
Журналистика факультетінде ашық есік күні өтті

ТДМ-4 2026 жылғы 27 сәуірде Журналистика факультетінде талапкерлерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара факультеттің 2-қабатындағы 230-аудиторияда сағат 11:00-де басталды.
Ашық есік күніне Алматы қаласындағы бірнеше мектептің оқушылары қатысты. Атап айтқанда, қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-лицейлерден келген талапкерлер шараға белсенді түрде қатысып, факультет тынысымен танысты.
Іс-шара барысында талапкерлерді тіркеу рәсімі жүргізіліп, оларды қарсы алу және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық жұмыстары ұсынылған көрме қойылып, келген қонақтар факультет студенттерінің жетістіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Кездесу аясында профессор-оқытушылар құрамы талапкерлермен еркін форматта пікір алмасып, факультеттегі оқу үдерісі мен білім беру мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, факультет профессор-оқытушыларының шеберлік сағаттары өтіп, талапкерлер журналистика саласының қыр-сырымен жақынырақ бөлісті.
Қатысушыларға «В6B042 Журналистика және репортер ісі», «В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс» және «В031 Сән, дизайн» білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері таныстырылды.
Сондай-ақ, талапкерлер М. Барманқұлов атындағы телестудиямен, Н. Иманғалиұлы атындағы оқу-зертханамен және «Түріксой» медиа білім беру және зерттеу орталықтарының жұмысымен танысты. Бұл таныстырылымдар болашақ студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ашық есік күні жылы әсермен аяқталды.

Н.Б. Рушанова, 
әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Журналистика факультеті 
деканның оқу-әдістемелік жөніндегі
 орынбасары, PhD