Академиялық адалдық және құқықтық тәртіп: университеттік ортадағы маңызы
Осы жылдың 28 сәуірінде орыс бөлімшесінің «Қоғаммен байланыс» және «Халықаралық журналистика» мамандығының екінші курс студенттері үшін «Академиялық адалдық және құқықтық тәртіп: олардың университет ортасындағы маңызы» тақырыбына арналған тәлімгерлік сағат өткізілді. Куратор-эдвайзер, аға оқытушы, журналист және публицист Арман Ақтайұлы Құдабай студенттерге академиялық және журналистік тәжірибесінде білім беру және шығармашылық жұмыста адалдық пен құқықтық нормалар мәселелерімен тікелей кездескен сәттері туралы әңгімеледі. Оқытушы «академиялық адалдық» ұғымының мәнін және оның болашақ мамандар үшін неліктен маңызды екенін түсіндірді. Құқықтық тәртіпке тоқтала отырып, ол жақында Spik.kz сайтына берген «Аударма қателігі: Неліктен Қазақстан «заң үстемдігі» мағынасын бұрмалады» атты сұхбатынан мысалдар келтірді. Әңгіме қызу өтті, оқытушы студенттерді жаңа оқу жылында болатын қорытынды диссертациялары туралы мазалаған бірқатар сұрақтарға жауап берді.