2026 ж. 28 сәуірде «Аймақтану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары «Тұрақты дамудың аймақтық стратегиялары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық сессияда өз жобаларын ұсынды.Farabi University

91ý

2026 ж. 28 сәуірде «Аймақтану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары «Тұрақты дамудың аймақтық стратегиялары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық сессияда өз жобаларын ұсынды.

29 Апр, 2026
2026 ж. 28 сәуірде «Аймақтану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары «Тұрақты дамудың аймақтық стратегиялары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық сессияда өз жобаларын ұсынды.

2026 ж. 28 сәуірде «Аймақтану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары «Тұрақты дамудың аймақтық стратегиялары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық сессияда өз жобаларын ұсынды. Сессия барысында магистранттар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың әртүрлі аймақтық стратегияларын салыстырмалы талдауға арналған жобаларын таныстырды.

Атап айтқанда, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Франциядағы Sciences Po университетінен келген магистрант Великова Д. Скандинавия елдері мен Орталық Азияның тұрақты дамуын салыстырмалы талдауға арналған жобасын ұсынып, Арктика мен Тянь-Шань мұздықтарының еру мәселелерін шешу тәсілдерін салыстырды. Магистрант Кинадина М. Оңтүстік Азия елдері мен Еуропалық Одақтың тұрақты дамуды жүзеге асыру тәжірибесін, соның ішінде тұрақты дамудың 9-шы мақсаты аясындағы цифрландыру мен технологиялар мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ сессия барысында АСЕАН елдерінде, Еуропалық Одақта, Оңтүстік Америка мен Орталық Азияда экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» энергетиканы дамыту мәселелеріне арналған жобалар ұсынылды. Өткізілген іс-шара ғылыми идеялармен алмасуға, зерттеу дағдыларын дамытуға және қазақстандық және шетелдік магистранттар арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды. Ұсынылған жобалардың тақырыбы «Саяси регионалистика» пәнінің мазмұнына сәйкес келіп (оқытушы – т.ғ.к. Утегенова А.Р.), аймақтық дамуды зерттеудегі заманауи пәнаралық тәсілдерді көрсетеді.