- Басты бет
- Жаңалықтар
- Магистранттар академиялық ұтқырлық пен CV жазу стратегиялары туралы тәрбиелік іс-шара өткізді
Магистранттар академиялық ұтқырлық пен CV жазу стратегиялары туралы тәрбиелік іс-шара өткізді
2026 жылғы 23 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 707101-Мұнайхимия білім беру бағдарламасының ағылшын тобындағы магистранттары, Кажданбеков Р., Болатбек Ф., Әбиева Ж., Копбосынова Д., Айхен А.,
Ли Х. студенттерге арналған тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің академиялық ұтқырлық туралы түсінігін кеңейту, халықаралық білім беру бағдарламалары жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ заманауи CV мен мотивациялық хат жазудың негізгі қағидаларын түсіндіру болды. Іс-шара студенттердің кәсіби бағдарын күшейтуге, олардың халықаралық білім беру кеңістігіне бейімделуіне және болашақ академиялық мүмкіндіктерін тиімді жоспарлауына бағытталды.
Кездесу барысында академиялық ұтқырлықтың мәні, оның студенттің білімін, тілдік құзыретін, ғылыми ізденісін және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге ҚР ҒЖБМ «Шетелде семестр» бағдарламасы, Eiffel Excellence Scholarship, Абай–Верн бағдарламасы, Erasmus+ KA107, Болашақ стипендиялық бағдарламасы және Словакияның ұлттық стипендиялық бағдарламасы сияқты халықаралық және ұлттық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Магистранттар бұл бағдарламаларға қатысу шарттарын, құжат тапсыру кезеңдерін, GPA және тіл деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мотивациялық хаттың маңызын түсіндірді. Ерекше назар академиялық ұтқырлыққа өтініш беру жолдарына, университетаралық келісімдерге, қабылдаушы университетті таңдауға және бағдарламаның артықшылықтарын дұрыс көрсетуге аударылды. Іс-шараның келесі бөлімінде CV жазу стратегиялары талқыланды.
Студенттерге халықаралық талаптарға сай түйіндеме құрылымы, жеке ақпаратты дұрыс көрсету, білім, зерттеу тәжірибесі, жұмыс тәжірибесі, жарияланымдар, марапаттар, тілдік дайындық және дағдылар бөлімдерін сауатты толтыру жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ жалған немесе артық ақпараттан аулақ болу, кілт сөздерді дұрыс пайдалану, нәтижеге бағытталған етістіктерді қолдану және құжатты PDF форматында ұсыну сияқты маңызды кеңестер берілді. Практикалық бөлімде студенттерге үлгі CV және мотивациялық хаттың құрылымы көрсетіліп, жиі жіберілетін қателерге талдау жасалды. Топтық талқылау мен сұрақ-жауап форматында студенттер өз ойларын еркін білдіріп, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар ҚазҰУ түлектерінің шетелдік университеттерде оқып, тағылымдамадан өткен тәжірибелері де ұсынылып, студенттерге мотивациялық әсер берілді. Жалпы, тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің академиялық ұтқырлыққа деген қызығушылығын арттырды және олардың халықаралық білім беру кеңістігіне бейімделуіне оң ықпал етті. Мәтіндегі ақпарат пен практикалық кеңестер студенттерге болашақта оқу және кәсіби даму жолын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік берді.
Педагогикалық практиканың жетекшісі - физикалық химия, катализ
және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушы Ажигулова Рыскуль Ниниловна
Басқа жаңалықтар