«6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиада — ҚазҰУ

91ý

«6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиада

28 сәуір 2026
«6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиада

2026 жылғы 28 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде 6B05103 – Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың жабылу салтанаты, қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара факультеттің 214 аудиториясында ұйымдастырылып, олимпиада қорытындылары шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен жетекшілері, қатысушылар мен командалар марапатталды. Сонымен қатар, жетекшілер мен қатысушылар үшін университет кампусы бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Олимпиада оффлайн форматта өткізіліп, екі турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар мамандықтың базалық пәндері бойынша жазбаша тест тапсырса, екінші турда өсімдіктер физиологиясы және микробиология бағыттары бойынша практикалық (зертханалық) тапсырмаларды орындады. Бұл кезеңдер студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік берді.

Олимпиада барысында қатысушылар арасында бәсекеге толы, тартысты әрі мазмұнды ғылыми сайыс өтті. Әр команда өз білімін, дайындығын және кәсіби деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді.

 

Олимпиада жеңімпаздары

 

ТОПТЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАР:

I орын

Ø     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Bioserpin командасы

Жетекшісі: Болатхан Кенжегул, PhD, қауымдастырылған профессор (доцент)

Қатысушылар:

• Садырбаева Сабина Ахметалықызы

• Сыдық Нұрай Ақмырзақызы

• Ғалмбекова Айдана Санатқызы

 

II орын

Ø     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – RISC командасы

Жетекшісі: Мелдебекова Алия Абдугаппаровна, б.ғ.к., аға оқытушы

Қатысушылар:

• Рыбак Елизавета Евгеньевна

• Кемелов Расул Қанатұлы

• Маратов Маратжан Маратович

 

Ø     Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – &ܴ;Генезис&ܴ; командасы

Жетекшісі: Кемалова Назерке Кенжалықызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Қатысушылар:

• Горбик Дильназ Ивановна

• Жубатырова Аружан Нурбулатовна

• Королева Юстина Тахировна

 

III орын

Ø     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Lab Rats командасы

Жетекшісі: Туякбаева Акмарал Усерхановна, б.ғ.к., доцент

Қатысушылар:

• Қызықбайқызы Фариза

Байқараев Жақсат Маратұлы

Қали Жанна Русланқызы

 

Ø     Әлихан Бөкейхан университеті – BioForce командасы

Жетекшілер:

Турсынханова Айым Елтаевна, техника ғылымдарының магистрі

Букабаева Жанылхан Тусупжановна, PhD

Қырықбаева Шынар Турарбековна, аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі

Қатысушылар:

Мұхаметшәріп Ажар Қайсарқызы

Нұртай Қарлығаш Оразбайқызы

Мұратова Ақниет Ерсінқызы

 

Ø     М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – Gene Team командасы

Жетекшісі: Бызова Юлия Сергеевна, PhD, қауымдастырылған профессор

Қатысушылар:

Герасимов Даниил Сергеевич

Борисова Кристина Александровна

Бегунова Алина Дмитриевна

 

 

ЖЕКЕ ЖЕҢІМПАЗДАР:

 

I орын

Ø     Шәкәрім университеті: Сапина Дильназ Маликовна

Жетекшісі: Джумажанова Мадина Муратовна, PhD, қауымдастырылған профессор

 

II орын

Ø     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті: Жаркеш Дания Нұрахметқызы

Жетекшісі: Абдулжанова Малика Анварбеговна, PhD

 

Ø     С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: Муқашева Анель Серікқызы

Жетекшісі: Акиндыкова Айниса Альжановна, аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі

 

III орын

Ø     Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті: Амиров Руслан Мусилимович

Жетекшісі: Темирбекова Нургуль Гелмановна, педагогика ғылымдарының магистрі

 

Ø     Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті: Зайцева Ольга Вадимовна

Жетекшісі: Кали Алмагул, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор

 

Ø     Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті: Лес Мұхаммед Азаматұлы

Жетекшісі: Сағымбек Фатима Ғабитқызы, PhD

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл олимпиада – білім мен ғылым тоғысқан, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына жол ашатын маңызды алаң болды. Қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен белсенділігі сайыстың мазмұнын арттырып, оны нағыз зияткерлік бәсекеге айналдырды.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас ғалымдардың жаңа жетістіктерге жетуіне серпін береді деп сенеміз.