Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде Ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шара барысында талапкерлерге филология факультетінің негізгі бағыттары, соның ішінде «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтары жан-жақты таныстырылды. Әр кафедра өз бағдарламаларының ерекшеліктерін, оқу үдерісін, болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.

Оқушыларға оқу барысында меңгерілетін дағдылар, тіл үйренудің маңызы және аударма саласының қазіргі қоғамдағы рөлі туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқытушылар талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.
Кафедралар таныстырылымынан кейін оқушылар университеттің инфрақұрылымымен танысу мақсатында ҚазҰУ мұражайына және кітапханаға экскурсия жасады. Бұл экскурсия талапкерлерге университеттің тарихы мен білім беру ортасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Жалпы, Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Іс-шара болашақ талапкерлердің мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етті.
Айтмұханбетова А.С.
Шетел филологиясы және аудрама ісі кафедрасы