Тұрақты даму мақсаттары аясында Қаратау жотасындағы Artemisia туысы түрлерін зерттеудің маңызыFarabi University

91ý

Тұрақты даму мақсаттары аясында Қаратау жотасындағы Artemisia туысы түрлерін зерттеудің маңызы

11 сәуір 2026
Тұрақты даму мақсаттары аясында Қаратау жотасындағы Artemisia туысы түрлерін зерттеудің маңызы

Түркістан облысы Қаратау жотасы мен оған іргелес далалы аумақтарда өсетін Artemisia туысы түрлері популяцияларының кеңістіктік таралуын және фитоценотикалық құрылымын зерттеу мақсатында 2026 жылдың сәуір айында 8D05108 – Геоботаника мамандығы бойынша PhD докторанттар Г.И. Алтибаева, Ф.Н. Ермекбаева және докторлық жұмыс кеңесшілері Ж.С. Тілеубаева мен Т.С. Ибрагимов геоботаникалық экспедиция жүргізді.

Бұл зерттеу жұмысы табиғи экожүйелердің құрылымын, биоалуантүрлілікті және өсімдіктердің экологиялық бейімделу механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған ғылыми зерттеу Тұрақты даму мақсаттарының бірқатар бағыттарымен тығыз байланысты.

Ең алдымен, жүргізілген экспедициялық зерттеу ТДМ 4 – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен тікелей байланысты. Геоботаникалық экспедициялар PhD докторанттар мен студенттер үшін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Далалық зерттеулер барысында олар өсімдіктерді анықтау, геоботаникалық сипаттама жасау, экологиялық факторларды талдау және ғылыми деректер жинау дағдыларын меңгереді. Бұл өз кезегінде болашақ мамандардың зерттеушілік құзыреттілігін арттырып, жоғары сапалы кадрлар даярлауға ықпал етеді.

Аталған зерттеу жұмысы ТДМ 15 – құрлықтағы экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен де тығыз байланысты. Artemisia туысы түрлері белгілі бір аймаққа тән эндемикалық, эфемерлік және кейбір сирек кездесетін өсімдік түрлерінің қатарына жатады. Олардың табиғи популяцияларын зерттеу арқылы түрлердің таралу аймағы, экологиялық талаптары және фитоценоздағы орны анықталады. Бұл деректер өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін түсінуге және олардың таралу заңдылықтарын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, алынған мәліметтер сирек және эндемикалық түрлерді қорғау, олардың популяциялық жағдайын бақылау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану стратегияларын әзірлеу үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады. Artemisia туысына жататын өсімдіктер құрғақ және шөлейт аймақтардың негізгі компоненттерінің бірі болғандықтан, олар экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше рөл атқарады. Бұл мәліметтер табиғи өсімдік жамылғысын қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және деградацияға ұшыраған экожүйелерді қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Экспедиция барысында әртүрлі экологиялық факторлар, соның ішінде топырақтың құрамы, ылғалдылық деңгейі, температуралық режим және биіктік белдеулері зерттелді. Бұл факторлар өсімдіктердің таралуына және қауымдастық құрылымына тікелей әсер етеді. Жиналған деректер климаттың өзгеруі жағдайында өсімдіктердің бейімделу мүмкіндіктерін болжауға, сондай-ақ экожүйелердің тұрақтылығын бағалауға негіз болады.

Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу нәтижелері табиғи ресурстарды тиімді басқару мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми жұмыстар үшін маңызды болып табылады. Аталған зерттеу ТДМ 13 – климаттың өзгеруіне қарсы күрес мақсатымен де сабақтас. Өсімдіктер қауымдастықтарының құрылымы мен таралу заңдылықтарын талдау арқылы климаттық факторлардың әсерін бағалауға болады. Қаратау жотасының ерекше табиғи жағдайлары климат өзгерісіне сезімтал болғандықтан, мұндай зерттеулер аймақтық деңгейде климаттық өзгерістердің салдарын болжауға мүмкіндік береді. Бұл деректер болашақта экологиялық жобаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану стратегияларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Экспедицияның тағы бір маңызды қыры – ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу. Бұл аспект ТДМ 17 – әріптестік арқылы даму мақсаттарына қол жеткізу қағидаттарымен тығыз байланысты. ылыми жетекшілердің PhD докторанттармен бірлесе отырып зерттеу жүргізуі тәжірибе алмасуға, ғылыми мектептердің сабақтастығын қамтамасыз етуге және жас зерттеушілердің кәсіби қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай ынтымақтастық білім беру мен ғылымның сапасын арттыруға, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

 

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы