29 сәуір күні Алматы қаласының №92 мамандандырылған мектеп-лицейінде «Лицейден үлкен ғылымға» атты ғылыми-танымдық іс-шара өтті. Бұл шараға физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік физика кафедрасының оқытушылары профессор, ф.-м.ғ.к. Досболаев М.Қ., ф.-м.ғ.к., асс.-профессор Габдуллина Г.Л., кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD Кенжебекова А.И., PhD Жумадилов Р. жне жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларының ғылымға қызығушылығын арттыру, оларды заманауи ғылыми бағыттармен таныстыру жне жоғары білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктер туралы ақпарат беру болды. Іс-шараны лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде ол мұндай кездесулердің оқушылардың болашақ кәсіби бағдарын анықтаудағы маңыздылығын атап өтті.
Келесі бөлімде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлары мен жас ғалымдары таныстырылып, олардың ғылыми-зерттеу бағыттары туралы мәлімет берілді. Қонақтар плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік модельдеу салаларындағы өзекті мәселелер мен соңғы жетістіктерге тоқталып, физика ғылымының бүгінгі қоғамдағы рөлін кеңінен түсіндірді. Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктері жне оқу процесінің ерекшеліктері туралы толық ақпарат ұсынылды.
.jpeg)
Кездесудің маңызды бөлігі – оқушылардың ғылыми жобаларын таныстыру болды. Жас зерттеушілер «Смарт каска», «Ақылды жылыжай» жобаларын таныстырып, ғылыми нәтижелерімен бөлісті. Ғалымдар тарапынан берілген пікірлер мен ұсыныстар оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының ішінде 4-мақсат (Сапалы білім) жне 17-мақсат (Әріптестік үшін серіктестік) бағыттарына сәйкес келеді. Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақтың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар