Қытайтану кафедрасында музей мұраларына арналған дәріс ұйымдастырылдыFarabi University

91ý

Қытайтану кафедрасында музей мұраларына арналған дәріс ұйымдастырылды

4 Мам, 2026
Қытайтану кафедрасында музей мұраларына арналған дәріс ұйымдастырылды

2026 жылдың 2 мамыр күні шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының «Аударма ісі» мамандығы 1 курс докторанты Ершат Ардақ Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорындағы «Жазба ескерткіштер» атты рухани-танымдық дәріс өтті. Дәріске кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – музей қорында сақталған жазба ескерткіштердің тарихи және мәдени маңызын қазіргі жас буын студенттерге насихаттау, олардың ғылыми құндылығын таныстыру және ұлттық мұраны сақтау мен зерттеуге деген қызығушылықты арттыру.

Дәріс барысында көне қолжазбалар, тарихи құжаттар мен сирек жазба деректердің мазмұнына талдау жасалып, олардың қоғам тарихындағы орны мен рөлі кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар жазба ескерткіштерді зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ оларды цифрландыру мәселелері сөз болды. Қатысушыларға музей қорындағы бірегей жазба мұралар үлгілері таныстырылды.

Дәріс мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Іс-шара қазіргі жас буын студенттердің рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.