ТДМ 15. «Таза Қазақстан» аясындағы “Экокеңес”: экологиялық мәдениетке қадамFarabi University

91ý

ТДМ 15. «Таза Қазақстан» аясындағы “Экокеңес”: экологиялық мәдениетке қадам

4 мамыр 2026
ТДМ 15. «Таза Қазақстан» аясындағы “Экокеңес”: экологиялық мәдениетке қадам

Елімізде жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” жобасы табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Аталған жоба аясында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында
тыңдаушылар мен оқытушылар арасында “Экокеңес” науқаны – макулатура жинау арқылы қоршаған ортаны қорғауға және ресурстарды тиімді пайдалануға үндейтін іс-шара ұйымдастырылды.
Науқанның негізгі мақсаты – күнделікті өмірде жиі қолданылатын, бірақ көп жағдайда қажетсіз қалдық ретінде тасталатын қағаз өнімдерін қайта өңдеуге жіберу арқылы тыңдаушылар арасында экологиялық сауаттылықты арттырып, табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятып, жауапкершілігін күшейту болып табылады. Қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру арқылы біз табиғатқа түсетін салмақты азайтып, болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыра аламыз. Сондықтан әрбір азамат макулатура жинау сияқты қарапайым, бірақ маңызды әрекеттерге үлес қосуы қажет.  “Таза Қазақстан” жобасы аясындағы өткізіліп жатқан шаралар еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда.