Farabi бизнес мектебі инновациялық жобаны қолдады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Farabi International Business School «Сабақтан – стратегияға: мектептегі геймификация және бизнес-ойлау» тақырыбындағы семинар-практикумға академиялық серіктес ретінде қатысты.
Жиын заманауи білім беру технологияларын меңгеруге ниетті мектеп басшыларын, мұғалімдер мен әдіскерлерді бір арнаға тоғыстырды. Семинар барысында стратегиялық ойлау, ресурстарды басқару және командалық жұмыс сияқты бизнес-инструменттерді мектеп ортасына бейімдеу тетіктері талқыланды.

Тәжірибелік бөлім «Topmanager.AI» бизнес-симуляторы негізінде ұйымдастырылды. Қатысушылар командаларға бөлініп, компания қызметін модельдеу арқылы шектеулі ресурстар жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдап, түрлі стратегиялардың нәтижеге әсерін талдады.

Бұл бастама бизнес-білім беру саласындағы инновацияларды ілгерілетуге және «мектеп – университет – бизнес» экожүйесін дамытуға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар