Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері маркетинг бойынша республикалық олимпиадаға қатыстыFarabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері маркетинг бойынша республикалық олимпиадаға қатысты

8 мамыр 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері маркетинг бойынша республикалық олимпиадаға қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Маркетинг» білім беру бағдарламасының (орыс бөлімі) 3-курс студенттері «Маркетинг» бағыты бойынша өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға (РСПО) қатысып, университет намысын абыроймен қорғады. Олимпиада Нархоз университетінің базасында ұйымдастырылды.

Олимпиада «SUSTAINABLE MARKETING: ENGAGEMENT & TRUST CHALLENGES»тақырыбында өтіп, студенттердің тұрақты маркетинг, талдау және стратегиялық ойлау салаларындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды. Бұл интеллектуалдық сайысқа Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының үздік командалары қатысып, өзара тәжірибе алмасуға және заманауи маркетинг идеяларын талқылауға мүмкіндік берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан “ONE WORLD CREW” командасы қатысты. Команда құрамында:

Куулар Валерий Ренатович – 3-курс студенті, «Маркетинг» ББ
Касымова Мадина Жанатовна – 3-курс студенті, «Маркетинг» ББ
Абдулазиз Амаль – 3-курс студенті, «Маркетинг» ББ

ылыми жетекшілері:

Ахметова Зауреш Болатхановна – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Рысбаева Бакытгул Бакытқызы – аға оқытушы

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: іріктеу және финалдық. Іріктеу кезеңінде қатысушылар университеттің тұрақты дамуы тақырыбында зерттеу жобасын дайындап, ESG-бастамаларды талдау, студенттердің қатысу деңгейін анықтау және сенімді қалыптастыру мәселелерін қарастырды. Жоба маркетингтік талдау, далалық зерттеу жүргізу, деректерді интерпретациялау және ұсыныстар әзірлеуді қамтыды.

Финалдық кезең онлайн форматта өтіп, команданың бейнеролигін көрсету, зерттеу нәтижелерін қорғау және бизнес-кейс шешу тапсырмаларынан тұрды. Қатысушылар теориялық біліммен қатар, жедел шешім қабылдау, креативті ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

“ONE WORLD CREW” командасы тұрақты маркетинг, ESG қағидаттары және тиімді коммуникациялық стратегиялар бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Олардың жұмысында студенттердің белсенділігін арттыру және университетке деген сенімді күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұл олимпиадаға қатысу студенттердің кәсіби дамуына үлкен үлес қосып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, аналитикалық және презентациялық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуын қолдай отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жалғастыруда.

Команда мүшелері мен ғылыми жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!