«Түрік апталығы» аясында Түрік халқының мәдениеті мен дәстүріFarabi University

91ý

«Түрік апталығы» аясында Түрік халқының мәдениеті мен дәстүрі

15 Мам, 2026
«Түрік апталығы» аясында Түрік халқының мәдениеті мен дәстүрі

2026 жылғы 16 сәуірде  әл-Фараби ат.ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Түрік мәдениетіне арналған «Түрік апталығының» үшінші күні өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Түркияның мәдени дәстүрлерін таныстыру болды. Қатысушылар мәдениеттің ұлттық болмыстың басты негіздерінің бірі екенін атап өтіп, оның халықтың рухын салт-дәстүр, ас мәзірі, мерекелер мен күнделікті өмір арқылы көрсететінін айтты.

Бағдарлама аясында «Шетел филологиясы» мамандығының 3-курс студенттері түрік мәдениетінің негізгі элементтерін таныстырды. Қонақтарға құда түсу дәстүрі («қыз сұрау»), үйлену тойының ең әсерлі кезеңдерінің бірі – «қына кеші», түрік таңғы асының ерекшеліктері, сондай-ақ Түркиядағы маңызды мерекелер мен атаулы күндер туралы мәлімет берілді.

Таныстырылымдарды Тұрғанбай Балнұр Бақытқызы, Сапарғали Талшын және Сағындық Мейіргүл жүргізді. Әрбір баяндама мәдени ерекшеліктерді түсіндірумен және көрнекі көрсетілімдермен толықтырылды.

Іс-шараның ең қызықты бөліктерінің бірі – түрік мәдениетіне арналған викторина болды. Ойын ұйымдастырушысы Айтупова Даяна болды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауаптары үшін марапатталды.

Ұйымдастырушылар бұл іс-шараның мақсаты тек білім беру ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту екенін атап өтті.

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Халел Агнур қорытынды сөз сөйлеп, студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Н.Н.Кайранбаева