«КЕМЕЛ АДАМ» БЕЙНЕСІНІҢ ЗАМАНАУИ БЕЙНЕСІFarabi University

91ý

«КЕМЕЛ АДАМ» БЕЙНЕСІНІҢ ЗАМАНАУИ БЕЙНЕСІ

19 мамыр 2026
«КЕМЕЛ АДАМ» БЕЙНЕСІНІҢ ЗАМАНАУИ БЕЙНЕСІ

ҚазҰУ қалашығындағы Фараби кітапханасының Абай залында 2  курс студенттері арасында «ылым мен өнердің үндестігі» атты  кездесу өтті.  Шараның қонағы – философия докторы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық жыр мүшәйраларының, әдеби байқаулардың жеңімпазы, ақын, жазушы, сазгер әрі қыл қалам шебері Баят Ерболат.

Тағылымды кешті Түркітану мамандығының 2-курс студенті Нұргүл Ксенбаева орындаған «Ертұран» күйінің асқақ үнімен ашылды.

Кездесу барысында экраннан көрсетілген бейне-баяндар мен фото-слайдтар спикердің ғылымдағы белестерін – PhD диссертациясын қорғау сәтінен бастап, халықаралық басылымдардағы мақалалары мен жарық көрген іргелі еңбектеріне дейін паш етті.

Баят Ерболат өзінің мектеп табалдырығынан басталған білім жолы туралы сыр шертті. 1982 жылы мектепті «Алтын медальмен» бітірген ол сол кездегі білім жүйесінің талаптары мен отбасынан алған тәлім-тәрбиесі жайлы әңгімеледі. Студенттерді қызықтырған басты сауал – ғылымның ауыр жүгі мен шығармашылықтың нәзік әлемін қалай қатар алып жүруге болады деген сұрақ төңірегінде болды.

«ылым  бұл ақылдың кені болса, өнер –  жанның азығы. Екеуі бір-бірін толықтырғанда ғана адамның рухани әлеуеті кемелденеді», — деп түйіндеді спикер.Кездесуде студенттер Тұрғамбай Сезім, Қуанышұлы Ақылбай және Қуатова Бекзада автордың отты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Экран арқылы Баят Ерболат   қылқаламынан туған философиялық астарлы суреттер көрмесі ұсынылды. Автор әр туындының шығу тарихы мен ондағы терең мағынаға тоқталлы

Баят Ерболат өзінің жаңа әнін жанды дауыста орындап бергенде, зал толы көрермен ерекше толқынысқа бөленді. Шара соңында студенттерге автордың қолтаңбасы қойылған кітаптар таратылды. Бұл кездесу  Әл-Фараби бабамыз армандаған «кемел адам» бейнесінің заманауи үлгісін көрсеткен, жастарды ғылымға құштарлық пен өнерге сүйіспеншілікке баулыған тағылымды кеш ретінде есте қалды.

 

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, 

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы 

Филол.ғ.к.  Г. Қортабаева