ҚазҰУ студенттері құстарды бақылау іс-шарасына қатысты
2 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің студенттері үшін бөрдуочиң (ағылш. birdwatching — құстарды бақылау) және құстар санағы бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) Биология және биотехнология факультетінің зоология, гистология және цитология кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-Шараға биология, зоология, биотехнология және нейроғылым мамандықтарының бакалавриат және магистратура студенттері қатысты. Бақылау Алматы қаласы әуежайының маңындағы Кіші Алматы тоғанында өтті. Су айдындары — құстарды бақылауға ең қолайлы орындардың бірі, өйткені мұнда су құстары мен су маңында тіршілік ететін көптеген түрлер шоғырланған. Көктем мезгілі бөрдуотчиң үшін ерекше қолайлы: бұл уақытта құстардың көбі көктемгі көші-қон кезінде аялдаса, ал жыл құстары ұя салу орындарына қайта оралады.
Шеберлік сабағын зоолог әрі педагог, ҚазҰУ биология факультетінің түлегі Елена Ударцева жүргізді. Іс-шараны ұйымдастыруға АСБК мүшесі әрі биология және биотехнология факультетінің студенті Жанбасбаева Сымбат та атсалысты.
Далалық тәжірибе барысында студенттер бинокль мен оптикалық дүрбіні қолдануды, зоологиялық далалық күнделік жүргізуді, құстарға анықтағышымен жұмыс істеуді, түрлерді анықтауды және құстар санына есеп жүргізуді үйренді. Бақылау кезінде қатысушылар құстардың 25 түрін тіркеді.
Кейбір студенттер үшін бұл табиғат аясында құстарды бақылаудағы алғашқы тәжірибе болды. Осындай іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр: алғашқы шеберлік сабағы 2025 жылдың сәуір айында ұйымдастырылған болатын.
Мұндай практикалық сабақтар студенттердің болашақ маман ретінде жабайы жануарларды анықтау бойынша далалық дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар бұл факультет жанынан құссүйер қауымдастығын қалыптастыруға негіз бола алады. Қазақстанда орнитологтерге және құстар мен биоалуантүрлілікті бақылау мамандарына деген сұраныс әлі де жоғары.
Шеберлік сабағы жас зоологтерді даярлауға және студенттерді табиғатты қорғау мен зерттеу қызметіне тартуға бағытталған Students for Nature бастамасы аясында өткізілді.
Зоология, гистология және цитология кафедрасы