- Басты бет
- Жаңалықтар
- Егде жастағы азаматтарға (50+) арналған «Баршаға арналған құқықтық сауаттылық» атты тегін курс
Егде жастағы азаматтарға (50+) арналған «Баршаға арналған құқықтық сауаттылық» атты тегін курс
Заң факультеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтымен бірлесіп, «Күміс университет» бағдарламасы аясында егде жастағы азаматтарға (50+) арналған «Баршаға арналған құқықтық сауаттылық» атты тегін курсты жүзеге асыруда.
Курс бағдарламасы аға буын өкілдерінің құқықтық сауаттылық деңгейі мен әлеуметтік ақпараттандырылуын арттыруға, сондай-ақ күнделікті өмірде заңнаманы қолданудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Курс бағдарламасын заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Р. Е. Сағалбаева әзірледі.
Оқу аясында келесі өзекті құқықтық мәселелер қарастырылады:
▪️ азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері;
▪️ әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру;
▪️ тұрғын үй құқықтары және коммуналдық мәселелер;
▪️ тұтынушылар құқықтарын қорғау;
▪️ отбасылық, мұрагерлік және еңбек құқықтық қатынастары;
▪️ мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі;
▪️ қаржылық сауаттылық негіздері және алаяқтықтың алдын алу.
Тыңдаушылардың практикалық даярлығына ерекше назар аударылады. Қатысушылар өтініштер, арыздар мен талап-шағымдар дайындауды, электрондық мемлекеттік сервистерді пайдалануды, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін меңгереді.
Жоба аға буын азаматтарының құқықтық дербестігін нығайтуға, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және қазіргі құқықтық әрі цифрлық ортаға табысты бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған.