Сақтықта қорлық жоқFarabi University

91ý

Сақтықта қорлық жоқ

25 мамыр 2026
Сақтықта қорлық жоқ

19.05.2026 күні Әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медцина және денсаулық сақтау факультетінің студенттері арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны «Мейіргер ісі» кафедрасының аға оқытушысы Әділқызы Мерей өткізіп, студенттермен бірге қазіргі қоғамда кең таралып жатқан қаржылық пирамидалардың қаупі, олардың психологиялық әсер ету тәсілдері және азаматтарды алдау жолдары жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат алып, өз ойларымен белсенді бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында қаржылық пирамидаларды танудың негізгі белгілеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қысқа уақытта жоғары табысқа уәде беру, нақты өнімнің немесе қызметтің болмауы, жаңа қатысушылар тарту арқылы табыс табу жүйесі, ресми құжаттар мен лицензиялардың жоқтығы секілді күмәнді факторлар түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған инвестициялық жобалардан сақ болу, кез келген қаржылық ұсынысты мұқият тексеру және ресми ақпарат көздеріне сүйену қажеттігі айтылды.

Іс-шара соңында студенттер қаржылық сауаттылықтың қазіргі замандағы маңыздылығын атап өтіп, мұндай танымдық кездесулердің жастар үшін аса пайдалы екенін жеткізді. Әділқызы Мерей жастардың қаржылық шешім қабылдау кезінде жауапкершілік танытып, сыни ойлау қабілетін дамытуы маңызды екенін ерекше атап өтті. Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.