Халықаралық кездесу барысында академиялық ұтқырлық пен бірлескен зерттеулер мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық кездесу барысында академиялық ұтқырлық пен бірлескен зерттеулер мәселелері талқыланды

22 мамыр 2026
Халықаралық кездесу барысында академиялық ұтқырлық пен бірлескен зерттеулер мәселелері талқыланды

22 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы мен Н.П. Огарёв атындағы ММУ шетел тілдері факультетінің деканы Пискунова Светлана Ивановна арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында факультеттер арасындағы екіжақты академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективалары жан-жақты талқыланды. Әсіресе бірге докторанттарды даярлау, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, сондай-ақ шығыстану, қытайтану және шетел тілдері салаларындағы ғылыми-білім беру тәжірибесімен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, халықаралық конференциялар, ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар Scopus базасына кіретін халықаралық басылымдарда және өзге де ғылыми журналдарда бірлескен ғылыми мақалаларды даярлау мен жариялау мәселелері қарастырылды. Әңгіме аясында ғылыми зерттеулер саласындағы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, әдістемелік материалдармен алмасу және бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу перспективалары да сөз болды.

Кездесу барысында қатысушылар халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтудың, факультеттер арасындағы серіктестік қатынастарды дамытудың және білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ғылыми қызмет сапасын арттыруға және жас зерттеушілерді даярлауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға әрі қарай қызығушылық танытатындарын білдірді.