ылымдағы ұрпақтар сабақтастығы: профессор А.Б. Биғалиевтің студенттер мен жас ғалымдарға арналған тағылымды дәрісіFarabi University

91ý

ылымдағы ұрпақтар сабақтастығы: профессор А.Б. Биғалиевтің студенттер мен жас ғалымдарға арналған тағылымды дәрісі

25 мамыр 2026
ылымдағы ұрпақтар сабақтастығы: профессор А.Б. Биғалиевтің студенттер мен жас ғалымдарға арналған тағылымды дәрісі

25 мамыр күні сағат 12:00-де молекулалық биология және генетика кафедрасының 326-аудиториясында Түлектер күні аясында «Ұстаздан тағылым» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға б.ғ.д., профессор А.Б. Биғалиев шақырылды.

Кездесу барысында профессор А.Б. Биғалиев ғылым мен білім саласындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, студенттер мен жас түлектерге кәсіби даму, ғылым жолындағы ізденіс, сондай-ақ мамандыққа адалдық туралы құнды ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, қатысушылар еркін форматта сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Тағылымдық мәні зор бұл кездесу студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына оң ықпал етті.

 

 

Профессор А.Б. Биғалиев – биология ғылымдарының докторы, еліміздегі генетика ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ол 1965 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін жануарлар генетикасы мен селекциясы мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдап, 1969 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО ылым академиясының Жалпы генетика институтының аспирантурасын аяқтаған.

Ғалым республикада «экологиялық генетика» атты жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуына негіз қалап, өз ғылыми мектебін құрды. Оның жетекшілігімен 27 ғылым кандидаты, 9 биология ғылымдарының докторы және 2 PhD докторы даярланған. Бүгінде оның шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етуде.

Профессор А.Б. Биғалиев ғылыми біліктілігін үздіксіз жетілдіріп, 1996 жылы Royal Society гранты негізінде Англияның Лондон қаласында тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ, Иран, Оңтүстік Корея, Жапония және ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамалардан өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болған.

 

 

Түлектер күні аясында өткен бұл кездесудің тәрбиелік әрі танымдық маңызы зор болып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы