Профессор Эдвард Вастнидждің арнайы ғылыми семинары
29 сәуір күні Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында магистранттар мен докторанттарға арналған арнайы ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Ұлыбританиядағы The Open University профессоры Эдвард Вастнидж жүргізді.
ылыми семинардың тақырыбы “Theory, Methods, and Scoping the Literature: Postgraduate study and preparing for publication” болды. Кездесу магистратура және докторантура деңгейінде ғылыми зерттеу жүргізудің өзекті мәселелеріне, теориялық және әдіснамалық негізді таңдауға, ғылыми әдебиеттерге шолу жасауға, сонымен қатар академиялық басылымдарға мақала дайындау мәселелеріне арналды.
Семинар барысында профессор Вастнидж зерттеу сұрағын тұжырымдау, әдіснамалық тәсілді анықтау, ғылыми дереккөздерді жүйелеу және ғылыми мақаланың құрылымын қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар берді. Академиялық жазу талаптарына, жариялау стратегиясына және халықаралық ғылыми қауымдастыққа бағытталған зерттеулерді әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара кафедраның магистранттары мен докторанттары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар сұрақтар қойып, диссертациялық зерттеулер мен ғылыми жарияланымдарды дайындаудың ерекшеліктерін талқылады, сондай-ақ жас зерттеушілердің академиялық дағдыларын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Осындай ғылыми семинарлар халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, білім алушылардың зерттеу мәдениетін арттыруға және олардың халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)