«Әл-Фараби мұрасы: ғылым, руханият және қазіргі заман»
2026 жылғы 19 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби философиялық және ғылыми мұрасын зерделеуге, сақтауға және насихаттауға арналған «Әл-Фараби мұрасы: ғылым, руханият және қазіргі заман» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы студенттердің ұлттық зияткерлік мұраға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын дамыту және жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әл-Фарабидің философиялық идеяларын, оның әлемдік ғылымның, білімнің, этика мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ оның еңбектерінің қазіргі қоғамдық және білім беру кеңістігіндегі маңызын талқылады. Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі, қоғам дамуындағы білімнің рөлі, гуманизм, әділеттілік, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мұндай іс-шаралардың Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға тікелей ықпал ететіні атап өтілді, әсіресе:
ТДМ 4 – Сапалы білім, яғни баршаға инклюзивті әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту;
ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар, яғни әділетті қоғам қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті дамытуға, заңдылық, гуманизм және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Қатысушылар әл-Фарабидің ізгі қоғам, білім, ақыл-парасат, әділеттілік және тұлғаның рухани кемелденуі идеяларына негізделген философиялық мұрасы XXI ғасырда да өзектілігін сақтап отырғанын және болашақ мамандар мен азаматтарды тәрбиелеуде маңызды рухани бағдар болып қала беретінін атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен заң факультетінің студенттері қатысты. ылыми пікірталас барысында қатысушылар әл-Фараби еңбектерінің қазіргі ғылымды, жоғары білім беру жүйесін, құқықтық мәдениетті және тұлғаның рухани қалыптасуын дамытудағы рөлі жөнінде пікір алмасты.
Аталған дөңгелек үстел ғылыми диалог пен пікір алмасудың маңызды алаңына айналып, университеттің академиялық дәстүрлерін нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын дамытуға, студенттердің ұлттық тарихқа, мәдениетке және зияткерлік мұраға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара мазмұнды пікірталас пен белсенді ғылыми сұхбат жағдайында өтіп, әл-Фараби идеяларының қазіргі қоғам үшін рухани әрі зияткерлік бағдар ретіндегі мәңгілік құндылығын тағы бір мәрте айқындады.