«ылыми қызметтегі жасанды интеллект: ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесі»
2026 жылғы 14 мамыр күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде (ҚазМемҚызПУ) профессор-оқытушылар құрамына арналған «ылыми қызметтегі жасанды интеллект: ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесі» тақырыбында тегін курс өткізілді.
Курсты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен шақырылған оқытушылар ф.-м.ғ.к., ассистент-профессор Туралина Д.Е. мен аға оқытушы Аманжолов Т.Е. жүргізді
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыру, ғылыми-зерттеу және білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарымен таныстыру болды.
Курс барысында:
- ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект құралдарын пайдалану;
- ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және өңдеу әдістері;
- ғылыми мақалалар, жобалар және презентациялар дайындауда ЖИ қолдану;
- Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі жасанды интеллектінің рөлі мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар жасанды интеллектінің келесі ТДМ-мен байланысына ерекше назар аударылды:
ТДМ 4 — «Сапалы білім»;
ТДМ 9 — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым»;
ТДМ 17 — «Тұрақты даму жолындағы серіктестік».
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи ЖИ құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеріп, оларды ғылыми және білім беру қызметінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасты.
Өткізілген курс профессор-оқытушылар құрамы тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, университеттің білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мен цифрлық құзыреттілікті дамытуға маңызды үлес қосты.
Механика кафедрасының меңгерушісі
Ф.-м.ғ.к., ассистент-профессор Туралина Динара Елеусизовна
Басқа жаңалықтар