- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да өзгермелі геосаяси тәртіп жағдайындағы Қазақстан–Үндістан серіктестігінің келешегі талқыланады
ҚазҰУ-да өзгермелі геосаяси тәртіп жағдайындағы Қазақстан–Үндістан серіктестігінің келешегі талқыланады
Алматы, 2026 жылғы 11 маусым – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму келешегіне арналған дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара аясында «Өзгермелі геосаяси ахуалдағы Қазақстан–Үндістан серіктестігі» / India–Kazakhstan Partnership in a Changing Geopolitical Order кітабының тұсаукесері де ұйымдастырылады.
Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті мен Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институты ұйымдастырады.
Дөңгелек үстел халықаралық жүйенің өзгеруі жағдайында Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талдауға арналады. Қатысушылар өңірлік қауіпсіздік, энергетикалық дипломатия, көлік-логистика байланыстары, білім беру саласындағы ынтымақтастық, талдау орталықтары арасындағы ықпалдастық, сондай-ақ сауда және технологиялық серіктестікті дамыту мәселелерін талқылайды.
Іс-шара барысында Қазақстан мен Үндістан арасындағы ғылыми және сараптамалық диалогты нығайтуға ерекше назар аударылады. Талқылауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ екі елдің жетекші университеттерінің оқытушылары мен зерттеушілері қатысады.
Таныстырылатын басылым Қазақстан–Үндістан қатынастарының эволюциясына және олардың әлемдік саяси құрылымдағы өзгерістер аясындағы қазіргі дамуына арналған. Кітапта энергетика, көлік-логистика, сауда, технологиялық ынтымақтастық және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ өңірлік және жаһандық үдерістердің Қазақстан мен Үндістанның стратегиялық серіктестігіне ықпалы қарастырылады.
Басылым авторлары Қазақстан–Үндістан серіктестігінің Еуразиядағы тұрақтылықты, байланыстарды және ынтымақтастықты нығайтудағы рөліне де арнайы назар аударады.
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, 10:00–13:30
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, 226-аудитория, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95А
Форматы: аралас форматта, офлайн / онлайн
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Байланыс ақпараты:
Ж. Байзақова, Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институтының аға сарапшысы
E-mail: baizakova.kz@outlook.com