Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математика кафедрасының аға оқытушысы Аузерхан Гауһар және Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі Темирбеков Алмаспен Алматы қаласындағы №161 мектеп-лицейдың 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, мамандық таңдаудың маңыздылығы және болашақ кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Кездесу кезінде талапкерлерге университеттегі оқу үдерісі, студенттік өмір, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, ғылыми жобалар мен халықаралық байланыстар жайлы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдаудың жолдары айтылып, ҰБТ пәндерін дұрыс таңдауға байланысты кеңестер берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар мен оқу шарттары туралы толық мәлімет алды. Кездесу белсенді әрі пайдалы форматта өтіп, оқушылар болашақ мамандықтарына қатысты маңызды ақпараттармен танысты.
Профориентациялық жұмыс оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағытталған тиімді шаралардың бірі болды.
Механика - математика факультетi
Басқа жаңалықтар