Бухара мемлекеттік медицина институтының оқытушылары ҚазҰУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс өткізді — ҚазҰУ

91ý

Бухара мемлекеттік медицина институтының оқытушылары ҚазҰУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс өткізді

5 маусым 2026
Бухара мемлекеттік медицина институтының оқытушылары ҚазҰУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының Бухара мемлекеттік медицина институтының «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қонақ дәрістер өткізді.

Бағдарламаға келесі ғалымдар қатысты:

  • Хомидова Саодат Хикматовна – биология ғылымдарының кандидаты, доцент;

  • Разыкова Дильноза Кадыровна – PhD, доцент;

  • Мустафаева Феруза Аболовна – PhD, доцент.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде қонақ оқытушылар «Микробиология, вирусология» пәні бойынша студенттерге жалпы көлемі 72 сағатты құрайтын дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Сабақтар барысында студенттер микроорганизмдердің биологиясы, вирустардың құрылысы мен қасиеттері, иммунологиялық үдерістер және заманауи микробиологиялық зерттеу әдістері бойынша терең білім алды.

Сонымен қатар, шетелдік ғалымдар факультеттің оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларының жұмысымен танысып, кафедраның материалдық-техникалық базасын аралады. Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту мәселелері талқыланды.